08-04-19 |
4600 рет қаралған
Бұрынғы күйеуінің екінші әйелін Facebook-та атқа теңеген әйелді Дубай соты жауапқа тартты.
Бұрынғы күйеуінің екінші әйелін Facebook-та атқа теңеген әйелді Дубай соты жауапқа тартты

Бұрынғы күйеуінің екінші әйелін Facebook-та атқа теңеп, қорлаған әйелді Дубай соты екі жылға бас бостандығынан айырмақ.

БАӘ-не бұрынғы күйеуінің жаназасына келген британиялық 55 жастағы Лалех Шахравешті Дубай әуежайында полиция ұстап, қамауға алған.

Ол бұрынғы күйеуінің екінші әйелімен бірге түскен Facebook-тағы суретінің астына парсы тілінде екі пікір қалтырған екен. Оның бірі: «Жер жұтқыр, ақымақ. Шайтан алғыр. Мені осы ат үшін тастап кеттің бе?» -деп жазған.

Лалех Шахравеш бұл жазбаны Лондонда жазған, бірақ бұл Біріккен Араб Әмірліктері полициясына кедергі болған жоқ.

Әуежайда тұтқындалған әйел Дубайға 14 жастағы қызымен ұшып келген, анасының қолына кісен салынғасын, қызы Лондонға жалғыз өзі ұшып кеткен.

Құзырлы орындардың сөзінше, бұл жазба туралы полицияға Шахравештің күйеуінің екінші әйелі хабарлаған.

БАӘ заңдарына сәйкес, әлеуметтік желілерде балағаттаған адам темір торға тоғытылуы мүмкін.

Заңға сәйкес Шахравеш екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айрылып, 50 000 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.