29-06-21 |
310 рет қаралған
Беларусь билігі Қазақстанмен сауда-экономикалық серіктестік орнатады.
Беларусь билігі Қазақстанмен сауда-экономикалық серіктестік орнатады

Қазақстан Беларуське мұнай жеткізеді, деп хабарлады беларусьтік БАҚ өз еліндегі министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде екі ел премьер-министрлері Асқар Мамин мен Роман Головченко Нұр-Сұлтандағы ресми кездесу барысында келісімге келді.

Жеткізілетін мұнай көлемі мен мерзімі алдағы уақытта талқыланады.

«Бүгінде біз өзара саудада оң үдеріс бар екенін, Қазақстаннан Беларуське жеткізілген өнім көлемі артқанын көріп отырмыз. Экспортты ұлғайтуды жалғастырып жатырмыз. Осы жылы жаңа тауарлар мен қызметтер бойынша 1 миллиард доллар көрсеткішіне қол жеткізуіміз керек», – деді Беларусь сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурьянов.

Ол Қазақстан Беларусьтің дәстүрлі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

«Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Алдыңғы жылдары Қазақстандағы беларусь экспорты басым болатын. Бұл мемлекеттік индустриялды тұрғыда дамып келеді. Сондықтан біз қазақстандық тауарлардың біздің нарықтағы саудасының жаңа мүмкіндіктерін байқап отырмыз», – деді дипломат.

Беларусь билігі алдағы уақытта Қазақстан Беларусьтің басты сауда-экономикалық серіктестерінің бестігіне кіреді деген үміт білдірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.