28-02-20 |
1090 рет қаралған
Дулат Ағаділдің денесіндегі дақ дене жарақаты емес – прокуратура.
Дулат Ағаділдің денесіндегі дақ дене жарақаты емес – прокуратура

Тергеу изоляторында қайтыс болған қоғамдық белсенді Дулат Ағаділдің мүрдесіндегі дақтар дене жарақаты емес деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы бас прокурорының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы.

«Ақаділді Талапкер ауруханасының (Нұр-Сұлтан маңындағы елдімекен ред.) және тергеу изоляторының медицина қызметкерлері қарады. Зорлық-зомбылық белгілері болатын дене жарақаттары табылмады. Сот медицинасы сараптамасы тағайындалды… Ақаділдің қайтыс болу себебі – жүрек қан тамыры жетіспеушілігі», – деді прокурордың орынбасары Елдос Тоқтасынұлы.

Марқұмның денесіне сот медициналық сараптама жасауға қатысқан сот медициналық сараптамасы орталығының өкілі деп таныстырылған Аханбаев Арман Аралбайұлы прокуратура өкілінің сөзін растады.

«Денедегі дақтар адам қайтыс болғаннан кейін пайда болады. Ол ұйып қалған қан. Бірінші екінші тәулік соңына қарай мәйіт дақтары дененің төменгі жағында орналасады және түсі мен формасын өзгертпейді. Дақтардың түсі қою көк және қою күлгін болып келеді. Адам қайтыс болғаннан кейін денеде қандай да бір жарақаттар болуы қалыпты. Ал зорлық-зомбылықтан болған дақтар анықтамадық», -дейді Арман Аралбайұлы.

Прокуратура өкілі Дулат Ағаділдің мәйіті түсірлілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде  марқұмның туыстарының рұқсатынсыз тарағанын айтып, ескерту жасады.

Еске салайық осы айдың 25-і Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды.

Қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ тергеу изоляторында қайтыс болды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.