18-03-21 |
590 рет қаралған
Франция президенті қазақ отбасының ерлігіне таң қалды.
Франция президенті қазақ отбасының ерлігіне таң қалды

Шетелдік басылымдар мен әлеуметтік желілер Франциядағы қазақстандық отбасының ерлігі туралы жарыса жазды. Дауылда қалған тұрғындарға көмек көрсеткен қазақ қыздары Эмманюэль Макроннан алғыс алды.

Франциялық БАҚ қазақстандық отбасының балалары туралы жарыса жазды. Самина, Ангелина және Амин өткен жылы Францияның оңтүстік аумағында орын алған «Алекс» дауылы кезінде тұрғындарға көмектескен. Табиғи апат салдарынан ел аумағын су басып, мыңдаған тұрғын үй жарықсыз қалып және ондаған адам зардап шекті. 

Сол сәтте қазақстандықтар балалар қарттарға азық-түлік пен киім таратып көмектесіп, одан соң зардап шегушілерге волонтер ретінде қолдау танытқан. 

Апат орнында соңына дейін болып, адамдарға көмектескен қазақстандық отбасының ерлігі жергілікті тұрғындарды бей-жай қалдырмады. Өз кезегінде Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақстандықтарға алғысын білдіріп, отбасы мүшелерін жеке тікұшағымен қауіпсіз орынға алып кетті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.