30-10-20 |
750 рет қаралған
Францияда шіркеуге келушілерге шабуыл жасалып, үш адам мерт болды.
Францияда шіркеуге келушілерге шабуыл жасалып, үш адам мерт болды

Францияның Ницце қаласындағы Нотр-Дам шіркеуіне келушілерге белгісіз адам шабуыл жасап, үш адамды пышақтап өлтірген, алты адамды жарақаттаған. Күдікті ұстау кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Оқиға 29 қазан күні таңертең болған. Белгісіз адам шіркеуге кіріп келіп, адамдарға шабуыл жасаған. Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманин оқиға болған жерде полиция жұмыс істеп жатқанын, тұрғындарды ол маңнан алыс жүруге және билік өкілдерінің нұсқауына бағынуға шақырған.

Ницца қаласының әкімі Кристиана Эстрозидің мәлімдеуінше, қылмыскер ұсталған кездің өзінде де «Аллах акбар!» деп айғайлаған.

Сондай-ақ Авиньонда полиция жүргіншілерге «Аллаху акбар!» деп айғайлап пышақ ала жүгірген адамды атып тастаған. Сауд Арабиясының Джидда қаласында Франция консульдығының күзетшісіне шабуыл жасалып, жарақат алған.

Көптеген мемлекеттер Франциядағы оқиғаға байланысты көңіл айтуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.