02-10-20 |
740 рет қаралған
Эрдоған: «Басқыншылар жерді босатуы керек»(видео).
Эрдоған: «Басқыншылар жерді босатуы керек»(видео)

Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоған Әзербайжан мен Әрмения арасындағы бейбіт келісімнің басты шарты – «Әзербайжанның оккупацияланған жерлерін босату» деді. Эрдоғанның Түркия парламентінің күзгі сессиясындағы сөзін Anadolu жариялады.
«Кавказдағы ұзақ мерзімді бейбіт келісімнің шарты – Әзербайжанның басып алынған жерлерінің әрбір телімін босату. Түркия Әзербайжанды «бір ұлт және екі мемлекет» қағидасында қабылдайды. Біз әзербайжандық бауырларымызға қолдан келген көмегімізді аямайтын боламыз. Басқыншылар жерді босатуы керек. Жағдайды реттейтін уақыт келді»,-деді Түркия басшысы.
Реджеп Тайип Эрдоған сонымен бірге Таулы Қарабақ мәселесін елемей «екіжүзділік» танытқан Владимир Путин, Дональд Трамп және Эммануэль Макронды сөкті. ОБСЕ-нің Минск тобындағы тең төрағалары АҚШ, Ресей және Францияның 30 бойы әрмян-әзербайжан мәселесіне немқұрайлы қарап келе жатқандықтарын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.