31-10-23 |
750 рет қаралған
Куәгерлерді қорғау мақсатында Әлтаевтің ісі бойынша сот жабық режимде өткізіледі.
Куәгерлерді қорғау мақсатында Әлтаевтің ісі бойынша сот жабық режимде өткізіледі
 31 қазанда ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі көлемде пара алды деген күдікті Н. Әлтаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды.
Отырыс барысында сотқа прокурор тарапынан куәгердің берген жауаптарына байланысты өзінің және отбасы мүшелерінің өмірлеріне белгісіз тұлғалардан қауіп төніп тұрғандықтан, қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініш түсті.
Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында сот прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды және қылмыстық істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдады.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.