16-09-21 |
370 рет қаралған
Лавров: Тәлібтерді әлі ешбір ел мойындаған жоқ.
Лавров: Тәлібтерді әлі ешбір ел мойындаған жоқ

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров «тәлібтерді ресми түрде мойындауға ешкім асығып отырған жоқ» деген мәлімдеме жасады.

«Тәлібтерді әлі ешбір ел мойындаған жоқ. Барлығы олармен қауіпсіздік, адам құқықтарын сақтау, дипломатиялық миссиялардың қалыпты жұмысы бойынша қазіргі мәселелер туралы байланыс орнату керек екенін айтуда. Алайда ресми түрде мойындауға ешкім асығар емес», – деді Лавров журналистерге ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының комитеті отырысының қорытындысы бойынша.

Министр тәлібтер «терроризм, есірткі саудасымен күрес жүргізуді мақсат еткенін, сондай-ақ Ауғанстан аумағынан басқа мемлекеттерге ешқандай қауіп төнбеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға және басқа елдерде тұрақсыздық тудырмауға уәде еткенін» еске салды, жеп жазды Sputnik Қазақстан.

«Біз басқа да мемлекеттер секілді мұндай ұстанымды қолдадық және қазір оны жүзеге асыруды бақылап отырмыз. Түпкілікті шешім шығаруға әлі ерте. Себебі аз уақыт өтті», – деді Лавров.

Сонымен қатар Ресей министрі орта азиядағы көрші мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатысты қазіргі мәселелер бойынша тәлібтермен байланыс орнатылғанын айтты. Лавров Ресей тәлібтерге ешқандай талап қойып отырмағанын және тәлібтердің өзі қазіргі мақсаттарын айқындап, сәйкес мәлімдеме жасағанын ескертті.

Ол алдағы уақытта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне Ауғанстанның қатысуына байланысты пікір білдірді.

«Ауғанстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында қазір бақылаушы. Ал бақылаушылар ШЫҰ саммитіне міндетті түрде шақырылады. Осылай болған, қазір де солай болады. Бұрынғы президент Гани уақытында шақыру алған болатын», – деді журналистерге Лавров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.