02-03-21 |
350 рет қаралған
Мамин Ресеймен экономикалық байланысты талқылады.
Мамин Ресеймен экономикалық байланысты талқылады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин телефон арқылы сөйлесті.

«Екі елдің сауда-экономикалық әріптестігі талқыланды. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органына төрағалық етуі аясында интеграциялық байланысты нығайту жайы сөз болды», – деп хабарлады Ресей үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында Мишустин Қазақстанға келіп, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысқан болатын.

Еуразиялық экономикалық одақ – 2015 жылдан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан мүше. 2021 жылы ЕАЭО-қа Қазақстан төрағалық етеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.