13-10-23 |
1530 рет қаралған
Олигархтардың ұлдарын сабаған актер бұрында төбелесіп, істі болған.
Олигархтардың ұлдарын сабаған актер бұрында төбелесіп, істі болған

Алматыда 2022 жылдың желтоқсан айының соңында «little Brazil» караоке мейрамханасында болған төбелес туралы іс бойынша үкім жарияланды. Жеті адам 6-дан 6 жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл іс туралы журналист Михаил Козачков жазады.

Бұл істің шулы болатын себебі, Қазақстандағы миллиардерлер: Бахраддин Аблазимовтың ұлы Нұрмұхамет Нұғман және Дінмұхаммед Ыдырысовтың жақыны Жармұхамед Аппаз оқиға ішінде болған.

Сонымен, караоке мейрамханада бір топ адам демалып, кезекпен ән айтып отырғанда Аппаздың айтпақ әнімен әлдебір түсініксіз жағдай болады да, Аппаз диджейге ашуланып, досы Альберть Крушельницкй екеуі диджей Сәтжан Жаулыбайды дәлізге алып шығып, сабап жатқанда оған мейрамхана күзетшілері және өзге де келушілер араласып, үлкен төбелеске ұласады.

Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппаз әуелі дәлізде таяқ жейді. Одан оларды көшеде қуалап жүріп тағы сабайды. Жабылып жүрген тарапқа «Шыңғыс Секьюрити» күзет компаниясының жігіттері қосылып, төбелес тіпті өршиді. Сөйтіп ақыры таяқ жеген екі жігіт ауыр жарақат алған. Іс осылай маусым айында сотқа жетіп, төрт ай қаралып, жоғарыдағыдай үкім шыққан.

Бұрын да караокеде төбелесіп істі болған актер

Бұл істе бірнеше кино, сериалдарға түскен актер Асқар Жұмабек болған. Тергеу көрсеткендей, төбелес аяқталған соң, Нұрмұхамет Нұғман жуынып шығып, төлем жасау үшін барға келген кезде оны Асқар Жұмабек келіп, ұрып-соға бастаған. Төбелеске тағы да мейрамханаға күзетшілері кірісіп, тағы да жаппай төбелес болған. Мұның бәрі видеоға түскен. Нұғманның жеке күзетшісі оны қорғамақ болғанда, оның басына столмен ұрған.

Іс сотқа жеткенде белгілі болғандай, актер Асқар Жұмабек бұл оқиғадан бұрын, 2022 жылдың көктемінде «Мега Караоке» де тағы да төбелес шығарып, бір адамның бет-сүйегін сындырған. Сол үшін сот оған бір бас бостандығын шектеу жазасын берген. Бұл жаза бойынша, актер пробацияда жүрген және үйінен алыстап шығуына шектеу қойылған. Ал ол болса, қымбат мейрамханаға тура алдындағыдай төбелес шығарған. Сөйткен актер «сот әділетсіз өтті» деп инстаграмда үндеу жариялаған. Сөйтіп, бұл іс қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.