27-09-23 |
830 рет қаралған
Өзбекстанда сақал және хиджабпен күресетіндерге сыйақы, медаль береді.
Өзбекстанда сақал және хиджабпен күресетіндерге сыйақы, медаль береді

Өзбекстанда «сақал», «хиджаб» секілді ислам дінінің сыртқы атрибуттарымен күресетін адамдарға ақшалай сыйақы және медаль бермек. Бұл туралы «Азаттық» хабарлайды.

Өзбекстан үкіметінің 25 қыркүйекте қабылдаған қаулысына сәйкес, «Діни толеранттық» төсбелгісімен марапаттау тәртібі бекітілді. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, мұндай төсбелгі мемлекеттік және қоғамдық ұйым қызметкерлеріне, дінтанушыларға, халықаралық ұйымдар, дипкорпус өкілдеріне, ғалымдарға дінаралық келісімге үлес қосқаны үшін табысталады.

Төсбелгіні шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар да ала алады. Белгі 16 қараша – Халықаралық толеранттық күні тапсырылады.

Төсбелгіден бөлек, марапатталған адамдарға 1,32 млн сом немесе 100 доллардан астам ақшалай сыйақы беріледі.

Халықаралық ұйымдар Өзбекстанда діни еркіндік жоқ екенін жиі айтып жүр. Мысалы, 2019 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанды діни сенім бостандығын бұзатын елдер қатарына қосқан.

Оның алдында 2018 жылы осы ұйым Өзбекстанды «дін еркіндігі саласында едәуір ілгеріледі» деп мәлімдеп, Өзбекстанды жоғарыда аталған тізімнен алып тастаған еді.

Ал осы күндері Ташкентте сақал қойған ер азаматтар мен хиджаб киген әйелдерді ұстап жатыр. Мұның алдында өзбек қалаларында азан даусын бәсеңдетуді талап еткен.

Азаттықтың Өзбек қызметі дереккөздерінің мәліметінше, үкіметтің 10 қыркүйектегі жиналысында премьер-министр шенеуніктерге мешітке бармауды «ескерткен».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.