24-08-23 |
550 рет қаралған
Пригожин қаза болған болуы мүмкін.
Пригожин қаза болған болуы мүмкін

Мұндай ақпаратты Ресей БАҚ-тары жазып жатыр. Оған себеп те жоқ емес, кеше кешкісін Ресейдің Тверь облысында «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған болатын.

Алдын ала ақпарат бойынша, 10 адам көз жұмған.

«Росавиация» мекемесі жолаушылар тізімінде Пригожиннің де есімі барын айтады. Бірақ әзірге оның қаза тапқаны туралы ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Құтқарушылар іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Ұшақ Мәскеуден Санкт-Петерборға бара жатқан. Ресейлік ақпарат құралдары Пригожин Малидегі сапардан қайтып келе жатқан дейді.

Дегенмен Ресейлік БАҚ Пригожиннің қаза болғаны туралы ақпарат тарата бастады.

Arasha.kz

ФОТО: overclockers.ru

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.