19-03-22 |
960 рет қаралған
Қайрат Сатыбалдының әйелі екі айға қамауға алынды.
Қайрат Сатыбалдының әйелі екі айға қамауға алынды

Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны Астанадағы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған.

Гүлмира Сатыбалдыны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 16 наурызда тұтқындаған еді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ағымдағы жылдың 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайынан ұсталып, екі айға қамалған. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Назарбаев әулетінің құдасы – олигарх Қайрат Боранбаев та ұсталып, қамауда отырғаны мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.