24-09-20 |
460 рет қаралған
Қазақстан өлім жазасын алып тастады.
Қазақстан өлім жазасын алып тастады

Қазақстан өлім жазасын алып тастады, бұған дейін бұл заңға елде мороторий болған деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылды, тиісті құжатқа Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров қол қойды деп айтылған хабарламада.

Шешім туралы бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Ол Қазақстан өмір мен адами қадір-қасиеттің негізін қалаушы құқықты іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

«Бұл халықаралық құжатқа қол қою қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады», – делінген хабарламада.

Қазақстанда өлім жазасын қолдану Президенттің 2003 жылы  мораторий енгізу туралы Жарлығымен тоқтатылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.