20-02-24 |
5800 рет қаралған
704 млн теңге. Шымкентте ЖШС салық төлеуден жалтарған.
704 млн теңге. Шымкентте ЖШС салық төлеуден жалтарған

Шымкент қаласының прокуратурасы сотта мемлекет мүдделерін білдіру аясында аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісін анықтады.

Мәселен, «А» ЖШС сотқа 704 млн теңге сомасына салықтарды қосымша есептеу туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасының күшін жою туралы талап арызбен жүгінді.

Департаменттің хабарламасы «А» ЖШС құжаттарды ресми ресімдеу жолымен сенімсіз жеткізушілермен мәмілелер бойынша шығыстарды салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанына негізделген.

Сот шешімімен «А» ЖШС-ның талабы толық көлемде бас тартылды.

Қала прокуратурасы «А» ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі).

Іс бойынша тергеп-тексеру кезінде салық төлеуші мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді, осыған байланысты сот қылмыстық істі ақталмайтын негіздермен тоқтатты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.