Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
930 рет қаралған
Ақтаудың қалалық сотының бұрынғы төрағасы Шайдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақтаудың қалалық сотының бұрынғы төрағасы Шайдуллин 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Маңғыстау облысында Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге қатысты үкім шықты. Оған пара беруге итермелеу және алаяқтық бабы бойынша айып тағылған.

20 миллион теңге үшін Шайдуллин айыпталушыға үкімді жеңілдетіп берем деп уәде еткен. Алайда өзі темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Сот процесі төрт айға созылды. Алғашында істі Шайдуллин жұмыс істеген Ақтау қалалық соты қарайды деп жоспарланған.

Алайда бұл іске тағайындалған судья Гүлмаржан Әділсұлтани өзін-өзі сот құрамынан шеттетті. Ол бұл шешімді Шайдуллин және оның отбасымен достық қарым-қатынаста болуымен түсіндірді.

Содан кейін іс Мұнайлы аудандық сотына жолданды.

Бүгін Шайдуллинге 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның сыбайласы — сот орындаушы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды (айыптар ұқсас).

Экс-судьяның банк ұясынан табылған 16 миллион теңге мемлекет кірісіне тәркіленді. Жәбірленушілер сотталушылардан 1 миллион теңге өндіруді талап еткен азаматтық талап сотта қараусыз қалдырылды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.