Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
510 рет қаралған
Алматыда күзетшіні өлтірген азамат 22 жылға сотталды.
Алматыда күзетшіні өлтірген азамат 22 жылға сотталды

2025 жылдың 9 сәуірінде элиталық «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің 30 жастағы күзетшісін қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сот отырысы өтті.

Еске салсақ, оқиға 2024 жылғы 29 наурыз түнінде болған. Айыпталушы көлігімен күзетшіге қасақана соқтығысқан – ол кезде күзетші қақпаны жаппақ болған. Кейін көліктен түсіп, бірнеше рет соққы жасаған.

Осыдан кейін күдікті 14-қабаттан секірмек болған, бірақ полицейлер оны тоқтатып үлгерген.

Айыпталушы – Асқар Тастандиев, ол – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болған және Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған Саламғазы Тастандиевтің ұлы.

Оған ҚР ҚК 99-бабы («Айрықша қатігездікпен жасалған кісі өлтіру») және 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») бойынша айып тағылды. Прокурор 24 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот Асқар Тастандиевті кінәлі деп танып, оны 22 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Асылбек Абдраимов хабарлады. Қаза тапқан күзетшінің жесірі 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы сұраған, сот 20 миллион теңге төлеуді міндеттеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.