Біз
әлеуметтік
желіде
11-04-25 |
560 рет қаралған
Алматыда тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды.
Алматыда тағы бір қайырымдылық қорының басшысы ұсталды

Алаяқтық жасады деген күдікпен «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сәриев ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицияға бірнеше азаматтан оған қатысты шағым түскен.

«Елге көмек» қорының парақшасына 400 мыңға жуық адам жазылған. Қор балалар мен қарт адамдарға көмек көрсету үшін қаражат жинаумен айналысқан.

Айта кетейік, қазіргі таңда құқық қорғау органдары алаяқ қайырымдылық қорларымен күресті күшейтуде. Бұған дейін «Biz Birgemiz» қорының басшысы Перизат Қайрат пен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының жетекшісі Нұрбол Туғанбаев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.