24-04-21 |
370 рет қаралған
Алматыдағы митинг: 120 мың гектар жер Қытайға өтіп кетеді деп қауіптенеді.
Алматыдағы митинг: 120 мың гектар жер Қытайға өтіп кетеді деп қауіптенеді

Тіркелмеген Демократиялық партияның бастамасымен Ғылым академиясының алдындағы Алматыдағы Шоқан Уәлиханов алаңында митингі өтіп жатыр. Митингіге қатысушылар саны 400 адамға жуықтайды. (фото: vlast.kz/Дмитрий Мазоренко) Митинг өтіп жатқан аумақта интернет өшірілгенін ұйымдастырушылар хабаралды.

Митинг ұйымдастырушы Жанболат Мамайға Алматы қаласы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының өкілі қаладағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық іс-шара – митинг өткізуге болмайтынын, сондықтан жиналғандарды таратуға шақырған. Бірақ Мамай әкімшілік талабымен келіспейтінін айтқан. Сондай-ақ қалалық санитарлық қызмет өкілдері де ескерту жасаған.

Митинг өтіп жатқан аумақ қоршалмаған, алайда полицияның қарасы көп екені айтылады.

Жиналғандардың басты талабы – шетел азаматтарына ұзақ мерзімге жерді жалға беру жаң жобасын қайта қарау және жер комиссиясының құрамын өзгерту. Митингіге шыққандар 120 мың гектар жер Қытайға өтіп кетеді деп қауіптенетіндерін айтқан.

Қытай тарапы ол жерге орман алқабын егпекші, бірақ митингіге қатысушылар орман өсіруді Қазақстан билігі өзі істеуі керек деп есептейді.

Митингіге қатысушылар кешке дейін тұратындарын және тағы да митингіге шығатындарын айтуда.

Бұған дейін президент Тоқаев жерді шетел азаматтарына сатпау туралы шешім шығарған. Бүгін жер комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Ол отырыста жерді Қазақстан азаматтарына да сату-сатпау мәселесі қаралады делінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.