20-02-24 |
5660 рет қаралған
Ақпарат министрлігі Dala news басылымына қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді.
Ақпарат министрлігі Dala news басылымына қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Dala news тәуелсіз басылымының айналасындағы жағдайға алаңдаулы екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға сәйкес елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, цензураға тыйым салынғанын атап өту маңызды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңның 20-бабына сәйкес, журналист авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, құпияны сақтауға құқығы бар.

«Қазіргі уақытта Dala news редакциясы бұрын жарияланған мәліметтерді жоққа шығарып, сол арқылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес БАҚ міндеттемесін орындаған мақала жариялады.

Осы фактіні назарға ала отырып, Министрлік жағдайды ерекше бақылауда ұстайды. Сондай-ақ аталған БАҚ-қа көрсетілуі мүмкін қысымнан қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізуде», – деді министр.

Айта кетсек, кеше Dala news басылымы G-Park құрылыс компаниясы тарапынан қысым көрсетіліп, сотқа беріп жатқаны туралы мәлімдеп, үндеу жариялаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.