Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасары ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Антикор осыған қатысты қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді.
«Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған», — делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.