18-01-20 |
440 рет қаралған
Бақауов туысқанының мүддесін қорғамақ болған – тергеу соты.
Бақауов туысқанының мүддесін қорғамақ болған – тергеу соты

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамалды. Қамау туралы шешімді Павлодар облысының мамандандырылған тергеу соты шығарған. Іс сотқа 17 қаңтар күні кешке түскен. Бұл туралы Курсив жазады.

Сотқа конвоймен жеткізілген Болат Бақауов сотттан өзін үй қамаққа ауыстыруды сұраған. Ал оның туысқандары 1 миллион теңге кепіл төлеген. Сондай-ақ бірқатар қоғамдық ұйымдар тергеу кезінде Бақауовты қамауға алмау туралы сотқа өтініш түсірген.

Болат Бақауов «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталды. Кеше сотта оқылған айыптау оқылды. Айыптауға қарағанда, “AksuTransLogisik” ЖШС-на 2019 жылы жүргізілген кешенді салық тексеруі кезінде 2014-2018 жылдары 200 миллион теңге көлемінде салық заңын бұзу фактісі анықталған. Компания әкімнің туысқанына тиесілі болып шыққан.

«Бақауов Б.Ж “AksuTransLogisik” ЖШС-ның заңды иесі – туысқанының мүддесі тұрғысынан әрекет етіп яғни пайда көру және қандай да бір адамға басымдық көрсету мақсатында заңсыз әрі өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіліктерден тыс бірнеше рет мемлекеттік кіріс департаменті лауазымды қызметкерлеріне тексерудің нақты нәтижесін жасыруды талап еткен» делінген соттың айыптауында.

Сондай-ақ күдікті төленуге тиісті салық төлемінің мөлшерін 3-5 миллион теңгеге дейін азайту сұраған.

Осылайша, Павлодар облысы әкімінің қылмыстық ісі тергеу сотына жетті.

Қайыра айтсақ, бірнеше күн бұрын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың жиналыс үстінде ұсталғаны туралы хабар тараған еді. Арада бір күн өткенде ҰҚК оның ұсталғанын және үстінен «қызметін асыра пайдаланды» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Кеше кешке іс Павлодар облысының мамандандырылған тергеу сотына түсіп, сот әкімді екі айға қамау жайлы шешім шығарып, айыптау үкімін оқыды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.