01-05-19 |
9870 рет қаралған
Бас прокуратураның үндеуіне қарамастан бес қалада адамдар митингіге шықты.
Бас прокуратураның үндеуіне қарамастан бес қалада адамдар митингіге шықты

1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент қалаларында азаматтар наразылыққа шықты. Алматы мен Астана қалаларындағы митингілерден тікелей эфир таратқан Азаттықтың дерегіне қарағанда, Астанадағы митингіге жүздеген адам қатысса, Алматыдағы наразылыққа да сондай мөлшердегі адам шыққан. Одан бөлек Ақтөбеде оншақты адам, Шымкентте ондаған адам, Қарағандыда бірнеше адам наразылық акциясына шыққан.

Полиция Алматы мен Астанада ондаған адамды ұстағаны, кейіннен бірнеше адамды босатқаны да хабарланды.

Әлеуметтік желілер де тараған видеоларға қарағанда, Алматы мен Астанада жиналғандарға прокурорлар келіп, митингіге рұқсат етілмегендіктен заңсыз екені және ол үшін жауапкершілік көзделетінін айтқанын көруге болады.

29-сәуірде бас прокуратура үндеу жариялап, 1-мамыр күні митингіге шақырған хабарламалар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқанын, халықты ол шақыруларға ермеуге шақырған. Егер рұқсат етілмеген митингіге шыққан жағдайды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу заңда бар екенін айтқан еді.

1 мамырдағы рұқсат етілмеген митингілерге шақыруларға қатысты бас прокуратура үндеу жариялады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.