Біз
әлеуметтік
желіде
26-05-25 |
800 рет қаралған
«Бөкейорда» резерватының бас директоры ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
«Бөкейорда» резерватының бас директоры ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

«Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.