01-11-21 |
420 рет қаралған
Еліміздің жеті өңірінде шаруаға тиесілі қаржыны қолды қылған шенділерге тінту жүріп жатыр.
Еліміздің жеті өңірінде шаруаға тиесілі қаржыны қолды қылған шенділерге тінту жүріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елімізде ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржынының қолды болғанын анықтады. Жеті өңірде арнайы операция жүрді.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

«Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.