Бүгін Алматыдағы ауданаралық әкімшілік соты конституциясыдан үзінді жазылған баннер ілгені үшін суретші Роман Захаровты 5 күнге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды arasha.kz Захаровтың авдокаты Ерлан Ерболатұлының айтуынша, суретшіні «ұсақ бұзақылық үшін» бес тәулікке қамауға алуға шешім шығарған. Адвокат сот шешімі қолға тиісімен қалалық сотқа аппелциялық шағым түсіретінін айтты.
Бұған дейін Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбеков Алматы марафоны кезінде «Шындықтан қашып құтылмайсың»; «Әділ сайлау үшін»; «Менің таңдауым бар» сөздер жазылған баннерді жол бойына ілгендері үшін сот шешімімен 15 күнге қамалған еді.
Бұл қоғамда қызу талқыланды. Кейінірек «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Төлесова мен Толыбековке араша түсуді сұрап бас прокуратураға хат жазды.