фото: pixabay.com
Маңғыстау облысындағы «Солтүстік Қарамандыбас» мұнай кен орнынан үш мың тоннадан астам заңсыз мұнай өндірілген. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.
Маңғыстау облысындағы «SK Petroleum» ЖШС 2019 жылғы тамыздан бастап «Солтүстік Қарамандыбас» мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталған. «SK Petroleum» ЖШС-де заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың орташа нарықтағы құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша 581 724 571 теңге болған.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде «SK Petroleum» ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденген. Іс сотқа жіберілген.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024