07-06-21 |
430 рет қаралған
Мемлекеттік рәмізді қорлаған тұрғын жеңіл жазамен құтылды.
Мемлекеттік рәмізді қорлаған тұрғын жеңіл жазамен құтылды

Әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік рәміздерді қорлаған 38 жастағы павлодарлық тұрғын Дмитрий Коломиннің әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылды. Қазақстанның туы, елтаңбасы мен әнұранын мазақ қылған тұрғын екі тәулік қана қамауда болады.

Павлодар облысында мемлекеттік рәміздерді қорлаған ер адамның қамауға алынғанын полиция департаменті хабарлады. Ауыл тұрғынының әрекетін жазалауды сұрап, өңір тұрғыны полицияға арыз жазған.

«42 жастағы Павлодар тұрғыны арыз жазып, әлеуметтік желі қолданушысын әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады. Жауапқа тартылған ер адам Instagram-дағы парақшасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлап, рәміздерге құрметсіздік танытқан. Ауыл тұрғынына қатысты тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 434-бабының бірінші бөлігі «Ұсақ құқық бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал сотқа жіберілді», – деді Павлодар облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, елдің мемлекеттік рәмізіне ішімдік ішкен күйі тіл тигізген ер адам Павлодар облысы, Ефремовка ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот отырысы 6 маусымда өтті. Сот отырысында ауыл тұрғыны жасаған ісіне өкініп, құқық бұзушылықтағы кінәсін мойындады. Сот оны бір тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.