Біз
әлеуметтік
желіде
15-04-25 |
300 рет қаралған
«НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды.
«НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Құқық қорғаушы кеше уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгін оның экстрадициясына қатысты сот отырысы өтпек.

Ұсталмас бұрын ол видеоүндеу жасап үлгерген:

«Мен не үшін ұсталғанымды түсінбеймін. Ертең соттың не шешетінін білетін боламыз», – деді ол.

Қор жетекшісіне қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс 2023 жылдың соңында қозғалды. 28 желтоқсанда Өскемен соты оның қамауға алынуы туралы қаулы шығарған.

Кейінірек Таңсәрі Қазақстан президентіне үндеу жасап, өзін қорғауды сұрады. Ол Ішкі істер министрлігі тарапынан өзіне саяси астары бар қудалау жүріп жатқанын айтқан.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2020 жылы қаза тапқан Лиза Пылаеваның ісін бір жылдан кейін қор жария ете бастаған соң, қыздың анасы жағынан туыстары оны қудалай бастаған. Атап айтқанда, Лизаның атасы — кәсіпкер Сергей Рыжаков тарапынан қоқан-лоққы болған. Ол кезде Рыжаков «барлық халықаралық байланыстарын қосып, оның Қазақстанға экстрадициялануына қол жеткізетінін» мәлімдеген.

2021 жылдан бері Дина Таңсәрі елден тыс жерде тұрып келеді.

Құқық қорғаушыға қатысты барлығы алты қылмыстық іс қозғалған. Олар: қасақана жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғушылық және алаяқтық баптары бойынша.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.