29-10-21 |
380 рет қаралған
Пенжімдегі төбелес кезінде жасөспірімнің атасы да соққыға жығылған.
Пенжімдегі төбелес кезінде жасөспірімнің атасы да соққыға жығылған

Пенжімде жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес кезінде тағы бір адамның зардап шеккені анықталды.  Миынан жарақат алған 54  жастағы жасөспірімдердің бірінің атасына ота жасалды. 

27 қазан күні жасөспірімдер болған төбелес кезінде олардың бірі ауыр жарақат алды. Сонымен қатар 1967 жылы туған ер адамның да зардап шеккені анықталды.

Полициядағылар оның жасөспірімдердің бірінің атасы екенін айтты.  

«Зардап шеккен екі адам да ашық бас сүйек-ми жарақатын алған. Жасөспірімге хирургиялық ота жасалды. Қазіргі күні оның жағдайы тұрақты. Ол ем қабылдап жатыр және есін біледі. Екінші пациенттің жарақаты орташа ауыр», – деді Панфилов аудандық ауруханасы дәрігерінің орынбасары Ержан Қожахметов.

Пенжім ауылында болған оқиға желіде әлі де қызу талқыланып жатыр. 

Айта кетейік, Алматы облысының полициясы 27 қазанда 16 жастағы жасөспірім дене жарақаттарымен мектептен ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Анықталғандай, екі оқушының арасында жанжал басталып, оның арты төбелеске айналған. Соның салдарынан жасөспірім зардап шекті. 

Полиция ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлімі – «Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық істі тіркеді. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды.

Әлеуметтік желіде Пенжім ауылында болған төбелес пен тәртіпсіздік видеосы тараған болатын. Кадрда елді мекенде тәртіпсіздіктер кезінде әдейі өрт қою жағдайлары да болғаны көрінеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ресми өкілі Майя Бекбаева Алматы облысының Пенжім аулында болған жағдайдың ұлтаралық қақтығыс болмағанын атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.