23-02-24 |
17180 рет қаралған
Полиция заңды бұзған дүкенге жасалған пикет үшін Жаңа адамдар белсенділерін ұстауға тырысты.
Полиция заңды бұзған дүкенге жасалған пикет үшін Жаңа адамдар белсенділерін ұстауға тырысты

19 ақпан күні Жаңа адамдардан «ЗАҢ » жобасының белсенділері елордалық Асфендияров 2 мекен-жайында орналасқан  «KaiMart» дүкенінде пикет өткізді. Осыған дейін осы дүкеннің қызметкері 15 жасар қызға арақ бөтелкесін сатқан болатын. Сатушы өз кінәсін мойындаудан бас тартты, кейінірек жанжалға дүкен иесі де қосылды.

Пикет күні дүкен иесі де сол жерде болды. Ол өзін өте агрессивті ұстап, белсенділерді қорлап, жазамен қорқытты және төбелес ұйымдастыруға да тырысты. Нәтижесінде оның дұрыс емес әрекеттерін түсіріп тұрған пикет қатысушысының телефонын сындырды.  

Сол күні кешке Жаңа адамдар кампусы алдына бірнеше полиция көлігі мен екі автобус келді. Нұра Астана ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жастар қозғалысының толыққанды қызметіне кедергі жасап, кампусты 4 сағат бойы жауып тұрды. Полиция қызметкерлері өз әрекеттерін «KaiMart» дүкенінің иесі пикетке байланысты біздің белсенділерімізге арыз жазғанын айтып жеткізді. Полиция ондаған белсенділерді бірден бөлімшеге алып кетуге тырысты, ал бұл әрекеттері сәтсіз болған сәтте олар қоршауды алып тастап, жай ғана кетіп қалды.

Келесі күні Нұра ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Жаңа адамдар белсенділерін кампусты бұғаттаумен болған оқиғаны талқылау үшін бөлімшеге шақырды. Диалог нәтижесінде жанжал шешілді. Полиция бізді «KaiMART» дүкеніне қатысты кәмелетке толмағандарға алкоголь сату туралы іс сотқа жіберілді деп сендірді.

Енді «KaiMART» дүкенінің иесін жаппай пикеттер мен әкімшілік жаза күтіп тұр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.