15-03-22 |
440 рет қаралған
Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды.
Қайрат Сатыбалды екі айға қамауға алынды

экс-президент Н.Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды екі айға қамау алынды. Оны қамауға алу туралы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.

Қайрат Сатыбалдыны 13 наурызда Алматы әуежайында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұстаған болатын. Оған «Қазақтелеком» компаниясынан ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылып отыр. 

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта «Қайрат Сатыбалдының өзге де істерге қатыстылығы тексеріледі» делінген.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалды жымқырды деп күдіктеліп отырған істегі қаражат көлемі миллиардтаған сумма екенін айтқан.

Қайрат Сатыбалды Назарбаев әулетіндегі өте ықпалды адам деп сипатталады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.