ІІМ мәліметінше, ұсталғандар өндірістік қалдықтарға қатысты жасалған алаяқтықтарға қатысы бар.
Ведомство хабарлағандай, ұсталғандардың қатарында Qarmet-тің бұрынғы лауазымды тұлғалары да, мердігер ұйымдардың өкілдері де бар. Оларды Qarmet-тің Экономикалық қауіпсіздік қызметінің көмегімен ұстаған.
«Қылмыстық схема бойынша зауыт қызметкерлері алдын ала келісіп, өндірістік қалдықтарды тасымалдап, Теміртау маңындағы иесіз аумаққа рұқсатсыз төгіп отырған», – делінген ІІМ хабарламасында.
Министрлік дерегінше, бұл іс бойынша тергеу аясында 14 адам анықталған. Олардың нақты қаншасы ұсталғаны әзірге айтылмады.
Апта басында полиция «Қазақмыс» зауытынан шикізат ұрлап, сатқан топтың да ұсталғанын хабарлаған болатын.