29-04-21 |
1500 рет қаралған
Қазақстанның 74 мың гектар жерін шетелдіктер жалға алып отыр.
Қазақстанның 74 мың гектар жерін шетелдіктер жалға алып отыр

Бүгін сенат Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мәжіліске қайтарды.

Сенаторлар алдында сөйлеген ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың қазіргі уақытта ауылшаруашылық жерлерін шетел азаматтарының немесе компанияларының қатысумен жеті заңды тұлға жалға алып отыр. Жалға алған жердің жалпы ауданы 74,4 мың гектар. Жамбыл облысында 5,9 мың гектар ауылшаруашылық жерлері бар бір кәсіпорын, Павлодар облысында 32,2 мың гектар ауылшаруашылық жерге ие бір кәсіпорн, 1,6 мың гектар Атырау облысында бір кәсіпорын және Ақмола облысындағы төрт кәсіпорын, жалпы ауданы 34,7 мың гектар ауылшаруашылық жерлерін жалдап отыр. Сондай-ақ екі шетелдік компания Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың гектар алқапта бір кәсіпорын және Жамбыл облысында 3,6 мың гектар ауылшаруашылық жерінде бір кәсіпорын жұмыс істейді.

Шетелдік компаниялардың ауылшаруашылық жерлерін жалдау  шарты 2022 – 2025 жылдар аралығында аяқталады. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шетел компанияларына, шетел азаматтарына және шетелдіктің қатысу үлесі бар заңды тұлғаларға жерді жалға беруге, сатуға толығымен тыйым салуды көздейді. Қазір жалға берілген жерлердің жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа мерзімге ұзартылмайды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.