08-01-24 |
26670 рет қаралған
«ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасары ұсталды.
«ҚазАвтоЖол» филиалы директорының орынбасары ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады.

2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында «ҚазАвтоЖол» жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу «Ұрлық» бабы бойынша жүргізілуде. Бұл ретте «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды Zakon.kz.

Кейін Жамбыл облысында «ҚазАвтоЖол» облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Тұлтаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.