Біз
әлеуметтік
желіде
26-03-25 |
1030 рет қаралған
«Рецидивист» автокөлік жүргізуші сотталды.
«Рецидивист» автокөлік жүргізуші сотталды

Ақмола облысы Біржан сал ауданының соты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген адамға қатысты үкім шығарды.

2020 жылдан бастап аталған азамат осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық бойынша екі рет жауапқа тартылып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданғанына қарамастан, қайта мас күйінде автокөлікке отырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірді.

Сот Біржан сал ауданы прокуратурасының ұстанымын қолдай отырып, сотталушыға екі жыл алты ай бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, ең жоғары қауіпсіздік ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеу түрінде жаза тағайындады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.