18-02-21 |
390 рет қаралған
Сағынтаев ҚазҰУ-дың жері сатылмағанына сенімді.
Сағынтаев ҚазҰУ-дың жері сатылмағанына сенімді

Халық алдында есеп берген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев желіде тараған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері жекеменшікке өтіп кетті деген әңгімеге жауап берді. Әкім университетке тиесілі жердің сатылып кеткенін жоққа шығарды.

«Университет жері өз меншігінде және оның басқаруында. Егер университет бұл жерлерді әлдекімге бергісі келсе, онда университет әкімдікке «Бұл жерлер бізге керек емес, алыңыздар» деген ұсыныспен шығуы керек», – деді Сағынтаев.

Ол жаңа ректормен кездесіп, бұл мәселені талқылаған.

«Ол кісі университетімізді әрі қарай дамытуымыз керектігін, жердің ешкімге берілмейтінін, бұл дұрыс еместігін айтты. Бүгінде университеттің жерін әлдекімге беру туралы әңгіме жоқ», – дейді Алматы қаласының әкімі.

Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев есеп беру кездесуінде «Алтын Орда» жанындағы айналма жолдың қашан бітетіні туралы сұраған тұрғын сауалына жауап бергенін жаздық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.