02-06-21 |
470 рет қаралған
Шарындағы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Шарындағы оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады

Шарын шатқалындағы қайғылы жағдайға байланысты құқық қорғау қызметкерлері екі бірдей қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Екі қылмыстық бап (306 – бап 3-б.және 141-бап 2-Б.) бойынша тергеу басталды. Олар: 306-баптың 3-бөлімі – абайсызда кісі өліміне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, 141-баптың 2-бөлімі – абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау», – деп хабарлады полиция департаменті. 

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Шарындағы селден аман қалған қыз қалай құтқарылғанын айтып берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.