Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды.
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа фактілер анықталды.
Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.
«Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған», — делінген хабарламада.
Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға «қамауда ұстау» шарасын санкциялады.
Тергеу жалғасуда.