Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
920 рет қаралған
Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот онлайн режимде өтіп жатыр.
Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот онлайн режимде өтіп жатыр

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сот онлайн режимде көрсетіліп жатыр. Сотты Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көруге болады.

Бүгін, 2025 жылғы 10 сәуір күні сағат 12:00-де Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Сот процесіне қатысушылардың пікірін ескере отырып, сот бұл істі ашық режимде қарау туралы шешім қабылдаған.

Сот отырысының онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube арнасында көрсетіледі.

Бұған дейін Бас прокуратура Шерзаттың үйін өртеп жіберу ісі бойынша ғарыштан түсірілген суреттерді зерттегісі келетіні белгілі болған.

Еске салайық, жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру оқиғасы 4 қазанға қараған түні орын алған. Бастапқыда полиция оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталғанын мәлімдеген. Алайда кейін марқұмның ата-анасы барлық күдіктілердің ұсталмағанын айтып, мәлімдеме жасаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.