Біз
әлеуметтік
желіде
06-06-25 |
230 рет қаралған
Шерзат Полат ісі бойынша сотталған адамның туысы соттағы тәртіпсіздігі үшін жазаланды.
Шерзат Полат ісі бойынша сотталған адамның туысы соттағы тәртіпсіздігі үшін жазаланды

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сотталғандардың туыстары тәртіп бұзуға тырысқан.

«Сот үкімін жариялаған соң, шешіммен келіспеген сотталғандардың туыстары сот залындағы тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Солардың бірі – балағат сөздер айтып, агрессия танытқан әйел – әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарламасында.

Департамент өкілдері сот залында және маңында қоғамдық тәртіп толық сақталғанын атап өтті.

«Сот әділдігіне қысым көрсетуге жол берілмейді. Сот шешімдеріне кедергі келтіру, не сотқа құрметсіздік таныту әрекеттері заң аясында қатаң тоқтатылады. Жаза бұлтартпай орындалуы тиіс деген қағида өзгермейді», – деді облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, 5 маусым күні сот прокурор тарапынан ұсынылған айыптау үкімін толық қолдап, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот шешімін шығарды. Сондай-ақ, сот куәгерлердің бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін де атап өтті. Сол күні Жоғарғы сот бұл іс бойынша үкімнің егжей-тегжейін жариялады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.