Біз
әлеуметтік
желіде
17-04-25 |
520 рет қаралған
Шерзатты өлтіру ісі бойынша кейбір айыпталушылар бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Шерзатты өлтіру ісі бойынша кейбір айыпталушылар бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Бүгінгі сот отырысы жоспарланған уақыттан кеш басталды. Бұған айыпталушылардың адвокатының 40 минутқа кешігуі себеп болды. Судья Ержан Жанұзақов оған ескерту жасады.

Сондай-ақ ол процеске қатысушылардан сот ісі аяқталғанша БАҚ-қа түсініктеме бермеуді сұрады.

Айта кетейік, айыпталушылар орындығында тоғыз адам отыр. Олардың кейбіреулері бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған — қызметке немқұрайлы қарау, ұрлық және басқа да қылмыстар үшін.

Сотта басты фигурант Абзал Шынасыл кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.