17-08-23 |
1160 рет қаралған
Шымкенттік мафия: бұрынғы қылмыскер қалай депутат болды?.
Шымкенттік мафия: бұрынғы қылмыскер қалай депутат болды?

Шымкенттік мафияның айналасындағы шырғалаңның бетін ашып, анық-қанығын сараптап, мамандар пікір білдіріп жүр.

Бұған елді дүрліктірген, аты шулы тұтқындауларды нақты мысал ретінде келтіруге болады. Атап айтар болсақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің қамауға алынуы, соттасуы. Сонымен бірге, депутаттың бұрынғы қылмыстары әшкереленуі тағы бар. Оған қоса, біраз шенеуніктің қылмыс әлемі серкелерімен байланысы жайында ZTB.kz. ақпарат агенттігі жариялап отыр.

Естеріңізде болса, Облыстық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттығына кандидат Болатбек Нәжіметдінұлының сотталмағаны туралы Бас прокуратураға сауал жолданған болатын. Соның ресми жауабын жақында ғана әлеуметтік желі қолданушы Нұркен Айнабеков жариялады. Көңіл бөліп, мән беретіндей ештеңе емес. Дегенмен Қазақстан 2.0 Telegram-арнасы, тіпті, Google-ге салсаңыз да Болатбек Әлиевті (қазіргі Нажметдинұлы) Шымкенттегі атышулы қылмыстық іске қатысқан және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Сарыағаш аудандық соты үш жылға соттап та жібергені туралы мәлімет табуға болады.

2001 жылы ОҚО Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Болатбек Әлиев (Болат Нәжіметдінұлы) қызметін асыра пайдаланып, өз билігін жүргізгені және ресми құжаттарды, өз пайдасына пайдалану мақсатында мөрлерді ұрлау, оны жойғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, – деп көрсетілген Нұркен Айнабековтің жазбасында.

Міне, осы жазбадан кейін мәжіліс депутаты белсендінің үстінен шағым түсіріп, «маған жала жауып, іскерлік беделіме, ар-намысым мен қадір-қасиетіме нұқсан келтірді» деп сотқа берді. Нәтижесінде, депутат сотта жеңіліп қалды.

Ал мамандардың пікірінше, бүкіл әшкерелейтін ақпаратты прокуратура базасынан ғана емес, ІІМ базасынан да өшіріп тастаған. Мәселен, Нәжіметдінұлы ресми өмірбаянында 2000-2001 жылдар аралығында жұмыс орны туралы ешқандай ақпарат көрсетпеген. Тек 1997-1999 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (подполковник атағы) жұмыс істегені ғана белгілі. Ал 2003 жылы Шымкенттегі «Агромашсервис» ЖШС директоры болып, 2006 жылға дейін жұмыс істеген.

Осы жерде бірден бірнеше сұрақ туындайды. Бірінші сұрақ – Орталық сайлау комитетіне: сотталған адам депутаттық мандатты қалай алды? Прокуратура мен ІІМ-ге қойылар сұрақ: сіздердің базаларыңыздан сотталғаны жайлы ақпарат қалай жойылып кетеді? Үшінші сұрақ Бағдат Мусинге: мемлекеттік ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі неге төмен? Мүмкін бұрынғыдай, қағаз тізілімдерге қайта оралуымыз керек пе?,- деген сұрақтарды Telegram-Қазақстан 2.0 арнасы қойды.

Ең қызығы, сол кездерде Теміртас Тілеулесовтің «Шымкенттік мафия» кітабында Болатбек Әлиев (Болат Нәжіметдінұлы) туралы тұтас бір тарау арналған. Кітаптың авторы өмірден өткенге дейін өз шығармасындағы билеп-төстеуші «бас кейіпкерлердің» кек қайтаруынан тығылып жүрген. Жалпы кітап оңтүстік элитаның сыбайлас жемқорлыққа қатысты схемалары мен олардың қарақшылық тәсілдерін ашуға арналған.

Бірақ соңғы кезде Антикордың оларды бірінен соң бірін ұстап алып жатқанына қарап, «бұларға «Жаңа Қазақстанда» орын жоқ секілді» дейді сарапшылар. Мысалы, жаңадан сайланған шымкенттік депутат Нажметдинұлының сотталғаны және заң бойынша депутаттыққа баруы мүмкін еместігі анықталды. Онда да оны жұртшылық анықтай алды. Ал билік болса, негізінен әшкере болуына кедергі келтірмеді.

Тағы бір аты шулы әрі жақында ғана қозғалған қылмыстық істің бірі – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтың «»Шымкенттік мафиямен» тікелей байланысы. Ақпараттық дереккөздің хабарлауынша, Мырзахметов ұзақ уақыт бойы депутат Нәжіметдінұлы мен оның жолдастарының компаниялары арқылы көпмиллиардтық несие мен гранттарды қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сондай-ақ оларды ең құнарлы деген жер телімдерімен қамтамасыз еткен. Мысалы, 2013 жылы 500 гектар ауыл шаруашылығы жері мен 2021 жылы 684 миллион теңге субсидия әперген.

Ал Мырзахметовтің өзі болса, осы жылдың мамыр айында ресми мәліметтерге сәйкес, алаяқтық және кәсіпкерді аса үлкен көлемде пара беруге итермелеп, «туысын қылмыстық жауаптылықтан босатуға жәрдемдескені үшін» ұсталды.

«Параграф» ЖЗШ сайтының ақпараты бойынша, Мырзахметов 2001 жылдың қараша айынан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған. Бірақ 2002 жылы наурызда қылмыстық істі тергеу кезеңінде қызметінен босатылған. Сөйтіп, сол жылдың маусым айында ол қамауға алынды. Ал 2003 жылдың мамыр айында мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде 5 жылға сотталған болатын.

Соған қарамастан 2013 жылдың қыркүйегінен бастап Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ақырында өткен жылдың ақпан айында ол кәсіпкерлер палатасы басшысының өкілеттігінен босады.

ҰКП ресми сайтында хабарланғандай, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Оның негізгі мақсаты –Үкімет пен мемлекеттік органдары арасындағы бизнестің келіссөздік күшін күшейту үшін құрылған.

Бұл мәселе туралы БАҚ-тан бөлек желі белгілі қоғам белсенділері де жазуда.

 

Материал ztb.kz сайтынан алынып, толық аударылып беріліп отыр.

Arasha

ФОТО: ztb.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.