22-02-21 |
2890 рет қаралған
Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығын қайтара алған жоқ.
Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығын қайтара алған жоқ

Қос елдің азаматтығын алған Шымкент қаласы спорт бөлімінің басшысы Олег Почиваловтың арызы сотта қаралды. Шенеунік шағымы қанағаттандырылған жоқ.

Шенеунік сотқа Шымкент қалалық полиция департаментіне қарсы арыз жазған. Ол Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұрады.

«Сот Олег Владимирович Почиваловтың Ресей азаматтығын алғанын және оның паспортпен құжатталғанын сенімді түрде анықтады. Дерек құдат көшірмесімен расталады. Бұл факт Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша хатымен және Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің жауаптарымен расталды.  Почивалов және оның өкілі сотқа теріске шығарудың дәлелдемелерін ұсынбаған. Осылайша, сот полиция бөлімінің іс-әрекетінде азаматтықтан айыру ісіне қатысты заң бұзушылықтар анықтаған жоқ», – деді судья Нұрғали Исмаилов.

Еске салсақ, Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бары туралы желіде жарияланды. Бұл фактіні Шымкент полициясы анықтады. Шенеунік тәртіп сақшыларын сотқа берді.

Енді шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.