Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады.
Сондай-ақ порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады.
Әлеуметтанулық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сұрақнамадан өту мүмкіндігі көзделген.
Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықты жүйсіну индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді.
Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында, бұл ресурста «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» қамтылған, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізімі және мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қамтылған.
Жұмыс жасап жүрген волонтерлер мен ұйымдар туралы ақпарат беретін волонтерлік қызметке арналған бөлім сондай-ақ Порталдың маңызды элементі болып табылады.
Ниет білдірушілер ерікті ретінде кандидатураны қарау үшін сауалнама жолдай алады.
Осымен қатар, Порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған.
Бұл ресурста сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.
Агенттік барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы порталға кіруге шақырады. Ол тұрақты түрде өзекті ақпаратпен толықтырылатын болады.