22-02-19 |
7990 рет қаралған
Тәрбиешіні ыдыспен басынан ұрған балабақша директорына айыппұл салынды.
Тәрбиешіні ыдыспен басынан ұрған балабақша директорына айыппұл салынды

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директоры Гүлжанат Мұратбайды қарамағындағы қызметкерге қол жұмсағаны үшін жауапқа тартты. Бұл туралы жергілікті​ Lada.kz басылымына сілтеме жасап, azattyq.org жазады.

Сот «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылған Гүлжанат Мұратбайдың ісін 20 ақпанда қараған.

«14 ақпанда сағат 17.00-де «Айналайын» балабақшасының директоры тәрбиешінің көмекшісі У.-мен сөзге келіп, ыдыспен басынан ұрған. Тәрбиешінің денсаулығына жеңіл зақым келген. Медициналық сараптама қорытындысы және оқиға куәгерлерінің сөздері директордың кінәсін айғақтады» делінген сот хабарламасында.

Сот Гүлжанат Мұратбайды айыпты деп танып, оған 37 875 теңге айыппұл салған. Сот шешімі әлі күшіне енбеген.

Өткен аптада әлеуметтік желіде Ақтаудағы «Айналайын» жекеменшік балабақшасында болған оқиға деп сипатталған видео тараған еді. Видеода қан сорғалаған басын қолымен ұстап, ауырсынып айғайлаған адамға өзгелердің көмек көрсетіп жатқаны бейнеленген. Кейін балабақшаның уақытша жабылып, прокуратура әлгі видео бойынша тексеру бастағаны туралы хабарлаған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.