30-06-21 |
350 рет қаралған
Туған балаларын сатуды әдетке айналдырған ерлі-зайыптылар тергеуге алынды.
Туған балаларын сатуды әдетке айналдырған ерлі-зайыптылар тергеуге алынды

Алматылық жұп өз  баласын сатпақшы болды. Ерлі-зайыптылар тұңғыштарын да саудалап жіберген. 

Ерлі-зайыптылар Өзбекстаннан келген. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр.

«Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.   

Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.

Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық «STOP трафик» шарасы кезінде  осындай 56 қылмыс анықталды.

2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. «Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда», дейді мамандар.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.