Біз
әлеуметтік
желіде
10-04-25 |
830 рет қаралған
Жанармай ұрлап сатқан машинистер сотталды.
Жанармай ұрлап сатқан машинистер сотталды

Қарағанды аудандық соты Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағар майын ұрлап, кейін оны қайта сатумен айналысқан 11 адамға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы прокуратура хабарлады

Сотта мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасағандарын дәлелдеді. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.