02-06-21 |
500 рет қаралған
Рамзан Қадыров ең бай губернатор атанды.
Рамзан Қадыров ең бай губернатор атанды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейдегі өңірлердің ең бай губернаторлар рейтингінде көш бастады.

«Открытые медиа» басылымының деректері бойынша, 2020 жылы ол 381,1 млн рубль (1 рубль – 5,81 теңге) тапқан.

ТОП-10-қа кірген өзге губернаторлар тек 378 миллион рубль табысқа шыққан.

Қадыровтың табысы екінші жыл қатарынан тез өсіп келеді. Шешенстан басшысы табыс көзін жарияламайды.

«2019 жылы ол 147 миллион рубль, ал 2018 жылы – 7,5 миллион деп жариялады, осылайша соңғы екі жылда Қадыров өзінің байлығын 50 еседен астам арттырды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.