07-07-21 |
740 рет қаралған
Ресейде теңізге құлаған ұшақтың 28 жолаушысы қаза болды.
Ресейде теңізге құлаған ұшақтың 28  жолаушысы қаза болды

Ресейде Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға кезінде 28 адам қаза болды, арасында балалар бар.

Алдын ала болжам бойынша,  әуе кемесі теңізге құлаған. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, олардың арасында 6 және 17 жастағы балалар болған.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалды.

Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті.

Жергілікті билік ұшақта болған жолаушылардың тізімін жариялады. Онда Палана кенті әкімшілігінің төрт қызметкері де бар. Олар – кент басшысы Ольга Мохирева, жұмылдыру бөлімінің басшысы Александр Андрейкин, қаржы басқармасының басшысы Ольга Андрейкина, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Юлия Суровцева.

Қазіргі кезде құтқарушылар ұшақ құлаған аймақты анықтады. Ол жерге теңіз кемелері жіберіліп отыр. Сондай-ақ, Палана кентіне құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар мінген тікұшақ аттанды. Арнайы комиссия құрылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жергілікті үкімет ұшақтың тиісті куәлігі бар екенін, ал экипаж рейске дейінгі тексерістен өткенін хабарлады.

Қазіргі таңда 28 жолаушының ішінен 6 адамның денесі табылды. 

Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», – делінген президенттің жеделхатында.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.